​Қазақстан қарулы күштерін күшейте бастады

0
1 487

ERNUR.KZ. Қорғанысқа республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы көбейген.


​Қазақстан қарулы күштерін күшейте бастады

ERNUR.KZ. Қорғанысқа республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы көбейген, деп жазады Sputnik Finprom агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан қорғаныс қабілетінің шығындарын 20%-ға арттырды: осы жылдың екі айында қарулы күштерді дамытуға 80 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Қаңтар-ақпанда мемлекеттік бюджеттен қарастырылған жалпы шығын 1,9 триллион теңгеге жетті.

"Оның ішінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанында қорғанысқа 78,9 миллиард теңге бөлінді, бір жыл бұрын 65,9 миллиард теңге жұмсалған болатын (өсім — 19,8%)", - деп жазылған хабарламада.

2017 жылы жергілікті бюджеттер қорғанысқа 30 миллиард теңгеге тарта қаржы бөлген. Бұл салаға ең көп қаржыны Қазақстанның үш өңірі құйды: Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

• Алматы – 5,3 миллиард теңге;

• Алматы облысы – 4,1 миллиард теңге;

• Оңтүстік Қазақстан облысы – 3,4 миллиард теңге.