Қазақстандық ЖОО-на бөлінетін білім беру гранты мен оған жұмсалатын қаражат көлемі белглі болды

0
3 643

Қаулыға сәйкес, жоғары білімді мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылдарына республикалық бюджеттен 50 894 грант бөлінген.


Қазақстандық ЖОО-на бөлінетін білім беру гранты мен оған жұмсалатын қаражат көлемі белглі болды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысымен Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаулыда мемлеттік тапсырыспен даярланатын мамандықтарға бөлінген гранттар мен оған жұмсалатын қаржы мөлшері көрсетілген.

Қаулыға сәйкес, жоғары білімді мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылдарына республикалық бюджеттен 50 894 грант бөлінген. Оның ішінде:

ҚР ІІМ қарасты оқу ордаларына 1 163 гранта. Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ЖОО-на 888 грантов. Денсаулық сақтау саласының мамандарын оқытуға 2 700 грант қаралған.

Магистратурада білімін жалғастыратындар үшін 13 536 грант бөлініп отыр. Докторантураға 2487 грант қарастырылса, колледж студенттері мемлекет есебінен оқутыға 2 мыңға жуық грант бөлінді.