Мемлекеттік қарыздың жалпы жиынтығы: мемлекеттік қарыздан – 14,3 трлн. теңге, кепілмен алған мемлекеттік қарыздан – 428,5 млрд. теңге, мемлекеттің уәдесімен алынған қарыздандан - 37,8 млрд. теңге тұрады.
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20 пайызға өсіп, 15 трлн. теңгені (45,45 млрд. АҚШ доллары) құрады деп хабарлайды ca-news.kz.
2018 жылдың наурызында ҚР-ның мемлекеттік қарызы 14,8 трлн. теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға көп. Мемлекеттік қарыздың жалпы жиынтығы: мемлекеттік қарыздан – 14,3 трлн. теңге, кепілмен алған мемлекеттік қарыздан – 428,5 млрд. теңге, мемлекеттің уәдесімен алынған қарыздандан - 37,8 млрд. теңге тұрады.
Мемлекеттік қарыздың өсуіне үкіметтің ішкі қарызы себеп болған көрінеді. Бір жыл ішінде ол 30,9 пайызға өскен, осы ретте ішкі қарыз өзгермеген, 5 млрд. теңге немесе 15,15 млн. АҚШ доллары. Соңғы 5 жылда мемқарыз 3,7 рет (10,8 трлн. теңге) өскен.
Қарызды жабу үшін мемлекеттік бюджеттен 2018 жылдың І жартысында 156,7 млрд. теңге бөлініпті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп. Өткен жылы бұл мақсатқа 129,5 млрд. теңге қарастырылыпты. Мұнымен қатар барлық бағыттағы мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны – 2,4 трлн. теңгені құраған.