Әзиз Ысқақов «Қазақмыс» корпорациясының және Қазақстан теңге сарайының бөлімшелерінде өндірістік және әкімшілік лауазымдарды атқарған.
фото: inform.kz.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әзиз Ысқақов «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасының бұйрығына сәйкес Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әзиз Ержанұлы Ысқақов «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директоры қызметіне тағайындалды.
Әзиз Ысқақов Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша (2015, бакалавриат), Нархоз университетінде «Экономика» мамандығы бойынша (2018, бакалавриат) және Орал мемлекеттік экономикалық университетінде «Жобалар мен бағдарламаларды басқару» мамандығы бойынша (2019, магистратура) жоғары білім алған.
Бұған дейін Qazaqstan Institute of Social Studies-тің атқарушы директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ ол – Toraighyrov University және Павлодар педагогикалық университеті директорлар кеңесінің мүшесі.
Экономикалық зерттеулер институтында, Еуразиялық интеграция институтында, «Зерде» холдингінде және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде түрлі талдамалық және басшылық лауазымда жұмыс істеген.
«Қазақмыс» корпорациясының және Қазақстан теңге сарайының бөлімшелерінде өндірістік және әкімшілік лауазымдарды атқарған.
Әр жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдардың жобаларында кеңесші, ұлттық сарапшы болған.