Азық-түлік бағасын көтергендер жауапқа тартылатын болады

0
1 260

Қазақстандықтар азық-түлік бағасы қымбаттаған жағдайда шағымдана алады.


Азық-түлік бағасын көтергендер жауапқа тартылатын болады

иллюстрациялық фото

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан халықтың негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік қымбаттаса, 8 (7172) 74 96 71 нөміріне, сондай-ақ @consumerprotectionKZ телеграмм арнасына хабарласыңыз. Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрғындарға осындай ескерту жасады. Ал өзара келісіп, бағаны негізсіз шарықтатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынады.

Министрліктің дерегінше, ел аумағында әлеуметтік маңызы бар тауарлар қоры жеткілікті. Сондай-ақ, өндіріс орындары да штатты режимде жұмыс істеп жатыр. Сауда орталықтары мен базарларға да шектеу қойылмаған.