Балабақшалардың мемлекеттік білім беру стандарты өзгертіледі

0
725

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Ұлттық жоба 4 бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш және 26 іс-шарадан тұрады.


Балабақшалардың мемлекеттік білім беру стандарты өзгертіледі

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстырды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Ұлттық жоба 4 бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш және 26 іс-шарадан тұрады. Министрдің мәлімдеуінше, басты міндет – балабақшалардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету.

«Бұл үшін мектепке дейінгі ұйымдардың желісі дамытылып, мемлекеттік тапсырыс ваучерлік қаржыландыру арқылы орналастылады. Барлық балабақшаға баланы дамытудың жаңа моделі енгізіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, балабақшалардың мемлекеттік білім беру стандарты «Ойын арқылы оқыту» принципі бойынша өзгертіледі. Осыған орай балаларды ерте жастан дамыту бойынша педагогтарға біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамту 95%-ға жетеді, ал 3-6 жастағы балаларды қамту 100% болады.