Балабақшаларға жолдама 27 маусымнан 9 шілдеге дейін беріледі

0
1 077

Қазір техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Балабақшаларға жолдама 27 маусымнан 9 шілдеге дейін беріледі

ERNUR.KZ. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру 27 маусымда басталып, 9 шілдеге децйін жалғасады. Бұл туралы бүгін қалалық білім басқармасының басшысы А.Жанғозин баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Елорда Инфо.

Қазір мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдам аберу жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін мамандар жұмыс жасап жатыр. А.Жанғозиннің айтуынша оған сырттан мамандар тартылып, олар сараптама жасаған.

«Өздеріңіз білесіздер, 10 маусым күні жүйе іске қосылғанда оған сырттан шабуыл жасалды. Аз уақытта шамамен 20-30 IP адрестен жүйеге кіруге әрекет жасалды. Бұл ата-аналар емес екендігін нақты айта аламыз. Себебі олай болғанда жоғарыда айтылғандай түрлі IP адрес болар еді. Біз мұндай әрекет жасалуы мүмкін деп ойламадық. Сондықтан қазір қауіпсізідк жұмыстары күшейтілді», - деді А.Жанғозин.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, 25-26 маусымда ата-аналарға жеке кабинетке кіруге мүмкіндік жасалады. Сонда олар баланың барлық мәліметтері мен кезегін алдын ала тексеріп шығады. Сонымен қатар әр жылдары туған балалар үшін жолдама алу кезегі бірнеше күнге жалғасатын болды. Айтып өтерлігі, алғашқы 3 күнде жеңілдік қарастырылған санаттағы балаларға басымдық беріледі.

«27 маусымда 2017 жылы туған балаларға, 1 шілдеде 2016 жылы туғандарға, ал 4 шілдеде 2015 жылғы балаларға жолдама беріледі. , 2013-14 жылы дүниеге келген балалар үшін жаңа жүйе арқылы 9 шілде күні жолдама алуға боалды», - деп көрсетті А.Жанғозин.