Балаларын мектепке алты жастан кейін берген ата-аналарға айыппұл салынбайды

0
1 057

Бірініші сынып бағдарламасы оқу дағдылары жоқ балаларға арналған.


Балаларын мектепке алты жастан кейін берген ата-аналарға айыппұл салынбайды

ERNUR.KZ. Балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Бірінші сыныпқа келетін бала мектепке келген кезде оқып, жаза білуі керек деген заң жоқ. Бірініші сынып бағдарламасы оқу дағдылары жоқ балаларға арналған. Сондықтан олар бірінші сыныпта әріп танып, сандарды санап, оқуды үйренуге келеді. Бес жасар балаларға келетін болсақ, заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде бұл нормадан асып кетуге болады деп айта алмаймын. Сондықтан мектепке алты жастан барады. Бірақ ол ата-ананың өз шешімі. Алты жастан бастап келмеген балалардың ата-анасына айыппұл тағайындамаймыз", - деп хабарлады министр үкіметтің баспасөз конференциясында.

Оқушылардың сабаққа қатыспағаны үшін ата-аналарға салынатын айыппұл туралы Білім және ғылым министрлігі түсіндірді.

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте: кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасы тәрбие жұмыстарын жүргізбеген жағдайда жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 17 600 теңге айыппұл салынады. Жыл бойында аталған құқық бұзушылық екінші рет қайталанатын болса 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынып, 20 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар, мектепке алты жастан бастап кіретін балалардың 12 жыл оқитыны туралы нақты түсінік жоқ. Осыған орай "Нұр-Сұлтан" білім басқармасы келесіні түсіндірді.

"Жоспарға сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасына кезең-кезеңімен көшу 2020 жылы жүзеге асырылады (0+4, яғни нөлдік сыныптар да бастауыш білім деңгейіне көшеді). 2020 жылы 12 жылдық білім беру бағдарламасына толығымен көшеміз. Қазіргі таңда "Білім туралы" заңда нөлінші сыныптар бастауыш сыныпқа кірмейді. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі "Білім туралы" заңға түзетулер енгізеді", - деп мәлімдеді білім басқармасы.