Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті

0
1 332

Ерлі-зайыптының үш баласы болған.


Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Ер адам төрт жасар жиенін терезеден лақтырып жіберіп, енесін пышақтап тастады. Полицейлер жеткенде 7-қабаттан секіріп кетті, деп жазады sputnik.kz.

Көршілерінің айтуынша, ер адам құмар ойындарға әуестеніп, миллиондаған қарызы болған.
Ер адамның әйелі де зардап шеккен. Ол үйден қашып шығып, төмендегі пәтерлерге көмек сұрауға барған.
Баланың денесін бірінші қабаттағы өз балконының астынан көршісін көрген. Астана тұрғыны сұмдық жағдай туралы әлеуметтік желіде айтып берді.
"Таңертең сағат 5 шамасында олар біздің есігімізді қақты. Ашсам бет-аузы қан-қан әйел тұр. Күйеуімнің есі ауысты, ол игроман, мені соққыға жықты. Қолына түскен нәрсенің бәрімен, үтікпен ұрды, деді. Қолына пышақ алғанда қашып кетіп, сіздерге келдім, деді. Мен киініп, үйден ұшып шықтым... Балконымның астында – кішкентай бала, айналасы қан", – деді куәгер.
Астана полициясы 5 ақпанда 102 арнасына отбасылық жанжал болып жатыр деген қоңырау түскенін хабарлады. Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу мен сараптамалар жүргізіледі.
Көршілердің айтуынша, бұл отбасы сырттай сабырлы, тату болып көрінген. Ерлі-зайыптының үш баласы болған.