Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысы Балқаш маңында жеңіл моторлы чартерлік ұшақ құлады, деп жазады sputnik.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі апатқа қатысты ақпарат берді.
Ведомство ақпаратына сәйкес, ұшақ аспанға көтерілу кезінде аударылып кеткен.
"17 қазанда Cessna 182 әуе кемесімен чартерлік рейс орындалған. Сағат 11:15-те Қарағанды брифингіне командир хабарламасы жетті. Ұшақ аударылып кеткен", - делінген министрлік хабарламасында.
Әуе кемесі бортында бір экипаж мүшесі мен бір жолаушы болған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген.
Ұшақ толықтай қирағаны хабарланып отыр.