Анасы жұмыстарымен шығып кетіп, баланы үйде жалғыз қалдырған.
ERNUR.KZ. Ақтауда балконда жылаған сәбидің даусы өтіп бара жатқан жүргіншінің назарын аударған. Көпқабатты үйдің балконына шығып, полиция қызметкерлерінің көмегімен баланы төменге түсірді, – деп жазады ЛАДА.kz.
Баланы құтқарған ер кісі, өзінің сол маңнан өтіп бара жатып, көпқабатты үйдің балконынан баланың анасын шақырып жылаған даусын естігенін айтады. Анасы жұмыстарымен шығып кетіп, баланы үйде жалғыз қалдырған.
«Бала тоқтаусыз анасын шақырып жылаған соң, балконға шығып, ата-анасы келгенше қасында жұбата тұрайын деп шештім, әрі полиция қызметкерлерін шақырдым», – дейді құтқарушы.
Баланың анасына жергілікті учаскелік полиция қызметкері хабарласқан. Ол тек бір сағаттан соң келіп, дүкенге барғанын айтып ұлын алып кеткен.
Көршілерінің айтуынша баланың үйінде жалғыз қалуы бірінші рет емес көрінеді.
«Иә, баланың үйінде жалғыз қалуы бірінші рет емес. Біз бұған дейін де баланың анасымен ұлын жалғыз қалдырмауы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Тек әр кезде бұл жағдайдың енді қайталанбайтынын, баланы жалғыз тәрбиелеп отырғанын айтып кешірім сұрап, қандай да бір шара қолданбауымызды өтінген. Дегенмен қазіргі таңда полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау бөліміне қажетті құжаттарды дайындауда», – дейді Ақтау қалалық ювеналды полиция бөлімінің басшысы Баймұрат Көшеров.