Бұл ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерде бекітілген.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде 2021 жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банктерден мемлекеттік кірістер органдарына жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәлімет ұсынуға міндетті екендігі туралы ақпаратқа қатысты қаржы министрлігі түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.
Мәтінде көрсетілгендей, бұл ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістерде бекітілген. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл хабарламаны ресми түрде жоққа шығарады және ҚР Салық кодексіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін мұндай өзгерістер енгізілмегенін атап өтеді. Осыған байланысты МКК таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің бақылау- касса машиналары арқылы өз кірістерін көрсету міндеттемесін және жеке тұлғаларға тауарларды және (немесе) қызметтерді сатып алу кезінде түбіртек алу қажеттілігін еске салады. Осылайша, сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды білдіресіз, заңды бұзуға мүлдем төзбеушілік танытасыз және өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде кәсіпкерлерге төлемдер мен аударымдарды фискалдау мәселесімен айналысып жатқандығы хабарланған болатын. Алайда, бұл жаңашылдықтар жеке тұлғалардың жеке мақсаттарға пайдаланатын аударымдарына әсер етпейді. Демек, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың аударымдарын әкімшілендіруді жоспарлап отырған жоқ.