Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар болды

0
1 905

16 ақпан 2018 жылғы ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Бас көлік прокуратурасы мен Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақтан облысының прокуратураларында бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар болды

16 ақпан 2018 жылғы ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен

Бас көлік прокуратурасы мен Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақтан облысының прокуратураларында бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас көлік прокурорының орынбасары қызметіне Нұрлыбекова Жазира Аликовна тағайындалды.

Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметіне Марат Серікұлы Тойжан, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орныбасары қызметіне Ержан Ерғалиұлы Бөлегенов, Ақтау қаласының прокуроры қызметіне Берік Жұмажанұлы Кұлмағамбет, Павлодар қаласының прокуроры қызметіне Айдос Турсынжанович Чорманов тағайындалды.

ОҚО прокурорының жаңа тағайындалған орынбасары туралы:

Ержан Ералиевич Бөлегенов 1978 жылы туған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 18 жыл.

Соның 3 жылын ҚР Бас прокуратурасының орталық аппаратында жұмыс істеген.

Қызмет жолын Астана қаласының прокуратурасында бастаған.

2009-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы «Есіл» ауданының прокуроры, Ақмола облысының Көкшетау қаласының прокуроры болған.

2015 жылдың қаңтар айынан Павлодар қаласының прокуроры қызметін атқарған.

Бақылаушы органдағы жетістігі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.