Бас санитар дәрігер карантин режимін жеңілдету үш кезеңнен тұратынын айтты

0
638

Қазақстанда карантин режимі әлі де сақталады және оны коронавирустың өсу деңгейіне қарай жеңілдетеді.


Бас санитар дәрігер карантин режимін жеңілдету үш кезеңнен тұратынын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова брифинг барысында елде карантин қалай жеңілдетілетінін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.


Оның айтуынша, Қазақстанда карантин режимі әлі де сақталады және оны коронавирустың өсу деңгейіне қарай жеңілдетеді. Мәселен, наурызда вирустың өсу деңгейі 150 пайыз болса, бүгінде бұл - 2,3 пайыз. Соңғы аптада бұл көрсеткіш бес пайыздан өспеген.

"Карантин режимін жеңілдетуді эпидемиологиялық жағдайға байланысты үш кезеңге бөлдік. Бірінші кезең өтті, ол бір аптада вирус жұқтырғандардың саны жеті пайыздан өспесе. Екінші кезең тек аудан бойынша емес, жалпы республика бойынша науқастардың саны бес пайыздан аспаған жағдайда басталады. Ал үшінші кезең вирусты жұқтырғандар саны бір аптада екі пайыздан өспеген жағдайда басталады", - деп түсіндірді Есмағамбетова.

Еске салайық, Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 5279-ға жетті. Оның ішінде 2108 адам аурудан айықса, 32 адам қайтыс болды.