Баспананы жеңілдікпен кімдер ала алады

0
540

Кезекте 646 819 азамат тұр.


Баспананы жеңілдікпен кімдер ала алады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана кімге беріледі және кезекке тұрғандарға қандай талаптар қойылады? Бұл туралы ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Елімізде заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан мұқтаж азаматтарға төменгі пайызбен тұрғын үй беріледі. Мемлекеттік қордан тұрғын үйді алудың жалпы тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңмен реттеледі», - деді Бауыржан Қабдол ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Тұрғын үйді кезекке қоюды, шығаруды, беруді әкімдіктер жүзеге асырады. Мысалы, бүгінгі күні әкімдіктерде 646 819 азамат кезекте тұр.

  • Тұрғын үй кімге беріледі?
  • ҰОС ардагерлері
  • Жетім балалар
  • Көпбалалы отбасылар
  • Халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, қандастар т.б.)
  • Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым жұмысшылары
  • Жалғыз тұрғын үйі апатты азаматтар

Оларға қандай талаптар қойылады?

  • Санатқа жатуы;
  • Соңғы 5 жылда тұруға жарамды тұрғын үйдің болмауы;
  • Осы мекенжайда тұрғылықты тіркелуі;
  • Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 3-жылдан кем емес тіркелу қажет;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін табысы күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (125 758 тг).