Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті

0
483

Көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кеткен.


Батыс Қазақстан облысында екі адам суға батып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында екі ер адам суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 маусым күні Бөкей ордасы ауданында болды.

«Аудан орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кетті. Жергілікті тұрғындар сағат 18.30-дан бастап оның денесін іздестірген. Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері де барды. Іздестіру жұмыстары 9 маусымда жалғасады», - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы бір оқиға 4 маусым күні осы ауданның Бисен ауылында болды. Сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар 56 жастағы ер адамның денесін судан шығарып алды. Оның өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.