Батыс Қазақстанда ауыр қылмыс үшін айыпталған шенеунік шекарада ұсталды

0
1 392

Биыл мамыр айында одан ешқандай кетпеу туралы қолхат алынды.


Батыс Қазақстанда ауыр қылмыс үшін айыпталған шенеунік шекарада ұсталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Мәди Отарбаевты шұғыл қамауға алуға шешім қабылданды. Шенеунік ауыр қылмыстан кейін шекара арқылы Қырғызстанға өтіп кеткісі келген, деп жазады Inbusiness.kz.

Отарбаев Қылмыстық кодекстің 365-бабы, 4-тармағы (лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану, ауыр салдарға алып келген әрекет) бойынша айыпталды. Биыл мамыр айында одан ешқандай кетпеу туралы қолхат алынды. Ал 4 тамызда Өскемен қаласының соты шенеунікке қатысты бұлтарпау шарасын қамауда ұстауға ауыстырды.
"Сотқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баянаты түсті. Оған сәйкес, Отарбаев 3 тамызда сағат 00:57-де "Кордай" шекара бекеті Қырғыз Республикасына өтіп кетуге тырысты. Осылайша, ол өзіне қатысты бұлтарпау шарасын бұзып, соттан жасырынуға тырысқан", - делінген сот хабарламасында.
Шенеунікке қатысты қылмыстық іс бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Прокурор Отарбаевты қамауға алуды сұрады. Сот қадағалаушы органның өтінішін қолдап, шенеунікке қатысты бұлтартпау шарасын қатаңдатуға шешім шығарды. Ал Отарбаевтың өзі сотта қашуды ойламағанын мәлімдеді. Денсаулық жағдайына байланысты Бішкекте медициналық тексерістен өткім келді деді.
Батыс Қазақстан облыстық әкімдіктің сайтына сәйкес, 55 жастағы Мәди Отарбаев әлі жұмыстан шығарылған жоқ. Шенеунік осы салада 2004 жылдан беріп жұмыс істейді. Алматыдағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бөлім басшысы болды. 2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық депаратментті басқарды. 2015 жылы бірнеше ай бойы Алматының құрылыс басқармасына жетекшілік етті. Одан кейін сәуір мен маусым аралығында ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті бастығының міндетін атқарды. Одан кейін 2016 жылға дейін облыстың құрылыс және сәулет басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды.
2016 жылы Отарбаевға қол астындағы қызметкерлеріне дөрекі сөз айтқаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Одан кейін мемлекеттік сатып алулар саласында заң бұзып, бір жарым миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді.