Бақытжан Сағынтаев «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

0
1 242

Отырыс барысында экологиялық ахуалды жақсарту және «жасыл» экономикаға сапалы көшуді қамтамасыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013–2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Бақытжан Сағынтаев «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Отырыс барысында экологиялық ахуалды жақсарту және «жасыл» экономикаға сапалы көшуді қамтамасыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013–2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ Кеңестің осы жылы атқаратын жұмыс жоспарының кестесі қаралып, бекітілді және Кеңестің 2017 жылғы 19 қазандағы Хаттамасының орындалу нәтижелері қаралды.

Күн тәртібі бойынша ҚР Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы төралқасының төрайымы Ә. Назарбаева, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры В. Мұстафина, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б. Есекина және т.б. сөз сөйледі. БҰҰДБ-ның «жасыл экономикаға» көшудегі тәжірибесі туралы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Норимасе Шимомура мырза айтып берді.