Bek Air қызметкерлері Назарбаевтан көмек сұрады

0
875

Компанияның лицензиясынан айырылуының салдарынан 400-ге жуық қызметкер жұмыссыз қалған.


Bek Air қызметкерлері Назарбаевтан көмек сұрады

ERNUR.KZ. Қазақстан авиация әкімшілігінің шешімімен ұшу жарамдылығы мен сертификаты тоқтатылған Bek air компаниясының қызметкерлері Елбасына сертификатты жаңарту туралы өтініш білдірді, деп жазады qamshy.kz.

Елбасының көмегіне жүгінген Bek Air компаниясының қызметкерлері сертификатты жаңартып, ұшуға рұқсат сұраған. Компанияның лицензиясынан айырылуының салдарынан 400-ге жуық қызметкер жұмыссыз қалған.

Қазақстан авиация әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитстың шешімімен 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Бек Эйр» АҚ-ның ұшақ апатына байланысты операторлық сертификаты тоқтатылғаны туралы радиограмма жіберілген.