Пойыз 2019 жылдың 30 желтоқсаны күні сағат 22:03-те Нұр-Сұлтан-1 станциясынан шығып, осы жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 17:30-да Алматы-2 станциясына келеді.
ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Үкіметтің тапсырмасы бойынша «Bek Air» әуе компаниясының ұшағына міне алмағандар үшін «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытымен қосымша пойыз қызметін ұйымдастырмақ, деп жазады ҚазАқпарат.
Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, пойыз 2019 жылдың 30 желтоқсаны күні сағат 22:03-те Нұр-Сұлтан-1 станциясынан шығып, осы жылдың 31 желтоқсаны күні сағат 17:30-да Алматы-2 станциясына келеді.
Пойыз министрлік тарапынан бюджеттік жоспарлау бағдарламасы аясында сатып алынған 16 жаңа купелік вагондардан құрылған.
Жолаушылар билеттерді теміржол вокзалдары мен тасымалдаушы компанияның www.bilet.railways.kz. сайты арқылы сатып ала алады.
Бұл мәселенің егжей-тегжейін білу үшін теміржол вокзалдарының 105 нөмірлі анықтама қызметіне телефон шалу керек.