Әуе компаниясы ұшақ құлағаннан кейін 4,5 сағаттан соң ғана мәлімдеме жасады.
"BEK AIR" әуе компаниясы Алматы маңында құлаған ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әуе компаниясы ұшақ құлағаннан кейін 4,5 сағаттан соң ғана мәлімдеме жасады.
"Құрметті қазақстандықтар!
BEK AIR әуе компаниясы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтады. Қазір біз оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметтерден ресми ақпарат күтіп отырмыз. Анонимді хабарламаларға назар аудармауды сұраймыз, себебі олар алаяқтардың ісі болуы мүмкін. Ресми ақпараттың шығуын күтуді өтінеміз", - делінген әуе компаниясының фейсбуктегі ресми парақшасында.
Еске салайық, бүгін таңертең Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.
Бұған дейін қаза тапқандар саны 15 екені хабарланған еді.