Бескөл ауылы тұрғындарының неден уланғаны белгілі болды

0
857

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының тұрғындары краннан аққан суды ішіп уланып жатыр.


Бескөл ауылы тұрғындарының неден уланғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Санитарлық дәрігерлер алған су сынамасынан оның құртқа толы екені анықталды. Мамандар Бескөл ауылының тұрғындары судан уланғанын айтты, деп жазады aikyn.kz.

Сырқаттарға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.

"Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жангелді Ибраев: «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Ауырғандардың үйінен және Есіл өзені құятын көлден судың сынамасы алынып, санитария-химиялық, бактериологиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге тексерілді. Нәтижесінде, үйлерден алынған 6 сынама бактериологиялық көрсеткіштер бойынша оң нәтиже көрсетті. Яғни, ауызсу ластанған. Қосымша сараптама тағайындалды», – дейді.

Бұған дейін Бескөл ауылында 100-ден астам тұрғын ауырып, ауруханаға түскен болатын.