Темір жол көлігі саласында 148 заң бұзушылық анықталған.
ERNUR.KZ. Пойыздарда билетсіз жолаушыларды тасымалдағаны үшін 13 млн теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп жазады 7kun.kz.
«Ағымдағы жылы аумақтық көліктік бақылау органдарымен 534 жолаушылар пойызы тексерілді. Жол жүру, тексерілмеген багажды тасымалдау, теміржол көлігінде багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің талаптарының бұзылуы анықталды», — деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен брифингте.
Сондай-ақ комитет жол жүру құжаттарын қайта сатып алушыларды және пойыздарда билетсіз жолаушыларды тасымалдауды анықтау бойынша іс-шаралар өткізді.
«Темір жол көлігі саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының 148 бұзушылығы анықталды, оның ішінде 7 жол жүру құжаттарын қайта сатып алушы және 141 билетсіз жолаушыны пойыздарда алып жүру анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша 843 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді», — деп нақтылады Жәнібек Байжанов.