Алты есепшіге қатысты қылмыстық іс тергелді. Олардың біреуі 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
ERNUR.KZ. Алматы облысының білім саласында 13 адамға 609 млн теңгедан астам қаражат заңсыз төленген, деп жазады sputnik.kz.
Бұл қылмыстық іске қатысты алты есепшінің үстінен тергеу жүргізілді.
"Алты есепшіге қатысты қылмыстық іс тергелді. Олардың біреуі 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 81 млн теңге шығын өтелді", - дейді департамент басшысы Серік Орымбетов.
Сонымен қатар осыған ұқсас тағы 4 факті тіркелген.
"Есепшілер мұғалімдермен келісіп, жоғары жалақы төлеген. Келтірілген шығын көлемі – 81 млн теңге. Бүгінгі таңда бір факт бойынша есепші мен 4 мұғалім 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 62 млн теңге залал толық өтелді", - деп толықтырды Орымбетов.
Сондай-ақ білім саласында 110 жалған диплом анықталып, 12 қылмыстық іс тіркелген.