Министр пневмониямен ауыратындар да бақылауда екенін айтты.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан қайтыс болғандар туралы айтты, - деп жазады тengrinews.kz.
"Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан 10 адам және пневмониядан 20 науқас қайтыс болды. Қазір біз симптомы бар және симптомсыз науқастарды бірге жариялайтын бірлескен статистикаға көштік. Бұл біздің еліміздегі нақты көріністі түсінуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз қазіргі жағдайды түсіну", - деді Цой ОКҚ брифингінде.
Министр пневмониямен ауыратындар да бақылауда екенін айтты.
"Соңғы тәулікте елімізде пневмония диагнозымен 1247 адам анықталды. Әрине, біз оларға мониторинг жасап, тиісті терапиямен қамтамасыз етеміз", - деп түсіндірді министр.
Алексей Цой коронавирустан өлім-жітім статистикасын жариялау енді басқаша болатыны айтты.
"Бізде коронавирус бойынша өлімді анықтау жөніндегі комиссия науқас қайтыс болғаннан кейінгі күндері, бір-екі күннен кейін жүргізіледі. Ақпарат науқас қайтыс болғаннан кейінгі күндері келеді. Біз қазір оны апталық форматта беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, бір апта ішінде анықталған науқастар ресми ресурстарда көрсетілетін болады", - деп түсіндірді Цой