Қоғамдық моншаның канализациялық септигінен баланың денесін алып шықты
ERNUR.KZ.18 қыркүйек күні сағат 09:50-де Жітіқара ауданы, Тимирязев ауылында солтүстік аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отряды мамандары қоғамдық моншаның канализациялық септигінен баланың денесін алып шықты, деп хабарлайды Baq.kz.
ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 2011 жылы туған бала 17 қыркүйек күні сағат 14:00-де үйден шығып, қайтып оралмаған. Ол бірінші сынып оқушысы еді.
Жоғалып кеткен баланы 5 сағат бойы іздеген. баланы іздеу жұмыстарына құтқарушылар, ІІД-нің жеке құрамы мен техникасы және ауыл тұрғындары қатысқан.