Бірінші сынып оқушысы Тоқаевқа хат жазып, Ақордаға келді

0
526

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанның барлық өңірінен 70-ке жуық оқушы Ақордаға танымдық экскурсиямен келген.


Бірінші сынып оқушысы Тоқаевқа хат жазып, Ақордаға келді

ERNUR.KZ. Жақында Астана қаласының тұрғыны, 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазып, Ақордаға барғысы келетінін айтқан, деп жазады zakon.kz.



Бүгін, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Асылтас Ақорда резиденциясына экскурсияға арнайы шақырылып, басқа балалармен бірге ғимаратты аралап көрді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанның барлық өңірінен 70-ке жуық оқушы Ақордаға танымдық экскурсиямен келген. Тіпті кейбір балаларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың креслосын «киіп көруге» рұқсат етілді.