Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты да еңсереміз - Тоқаев

0
643

Ақорда резиденциясының алдында Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды.


Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты да еңсереміз - Тоқаев

Мемлекет басшысы індеттен қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, халықтың бұл сынақты да еңсеретініне сенім білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін»,-деп жазды бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

«Үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдауда. Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін»,-деді Президент.

Айта кетейік, Мемлекет басшысыны Өкімімен 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Осыған қарай Ақорда резиденциясының алдында Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды.