Бірнеше қалада коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

0
578

​Қазіргі кезде 16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.


Бірнеше қалада коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

ERNUR.KZ. Бірнеше облыста коммуналдық тарифтерді негізсіз көтеру жағдайлары анықталды. Барлық монополист ақыны төмендетуге міндеттелді, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Олар жылу, су және газ саласында заңды бұзған. Осы уақытқа дейін 5,5 миллиард теңге өндірілді. Бұдан бөлек, 1,9 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді.
"Мәселен, Атырау облысында жылу, су және канализация желілерін жөндеу кезінде қаржыны жымқыру бойынша тергеу басталды. Оған қоса, Құлсары қаласында және Жаңа Қаратон кентінде тарифті көтеріп жіберген", - дейді агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Бүгінде монополистер тарифті түсірді. Атап айтқанда, Атырау қаласында газдың көтерме тұтынушылар үшін бағасы жылдың соңына дейін 17 мың теңгеден 0-ге дейін төмендетілді. Ал Құлсары мен Жаңа Қорған тұрғындары су үшін 30-40 процентке аз төлейді.
Ақмола облысында энергиямен жабдықтау компаниясы рұқсатсыз жұмыс істеген. Осы ұйымның тарифінде негізсіз алым болған, оны алып тастады. Енді әрбір абонент ай сайын 2,5 мың теңге үнемдейді.