Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды - синоптиктер болжамы

0
1 217

Кейбір жерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.


Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды - синоптиктер болжамы

ERNUR.KZ. Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, 17 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Кейбір жерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.

"Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын болжанып отыр. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с" ,- дейді синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градустық үсік жүрсе, Қостанай облысында көктайғақ болады деген болжам бар. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын мен көктайғақ.
Ал Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыс жағында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қарағанды қаласында көктайғақ болады.
Астанада 17 сәуірде түнде және таңертең бұрқасын. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады.