Бішкек - Алматы тасжолындағы апат: Mercedes екіге бөлініп қалған

0
599

Жүргізуші аман қалды.


Бішкек - Алматы тасжолындағы апат: Mercedes екіге бөлініп қалған

ERNUR.KZ. Алматы іргесіндегі Бішкек тасжолында жол апатына түскен көлік екіге бөлініп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды.

"Қалаға қарай, Әйтей ауылы маңында жантүршігерлік апат", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын айтты. Жол апаты 24 сәуірде таңғы сағат 09:20-да болған. Жүргізуші аман қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр.

"Алматы-Бішкек тасжолымен келе жатқан Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі 33-шақырымда рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.