Мемлекет басшысы халықпен тұрақты диалог жүргізуді жалғастыру қажет деп санайды. Қауіп-қатерлер мен проблемаларды ашық айтып, оны шешу жолдарын ұсынған жөн.
ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қарсы табысты күрестің басты талабын атады, деп жазады sputnik.kz.
"Халықпен қарым-қатынас жасау мен кері байланыс орнатудың маңызы зор. Пандемияға қарсы күрестің табысты болуы халықтың қолға алынып жатқан шаралар мен шешімдерге деген сенім дәрежесіне тікелей байланысты екенін тәжірибе көрсетті. Ал сенім халық биліктің әрекетін түсініп, іске атсалысқан жағдайда пайда болады", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелеріне арналған кеңесте.
Осы орайда мемлекет басшысы халықпен тұрақты диалог жүргізуді жалғастыру қажет деп санайды. Қауіп-қатерлер мен проблемаларды ашық айтып, оны шешу жолдарын ұсынған жөн.
"Алдағы жағдай санитарлық және профилактикалық шаралардың қаншалықты орындалғанына байланысты болады. Бизнес пен халық осыны түсінуі керек. Реалистік және оптимистік сценарийлер бойынша биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз, солай істеуге міндеттіміз. Пандемиямен бірлесіп күресу керек", - деп атап өтті Тоқаев.
Мемлекет басшысы әлемдегі жағдай күрделі екенін де еске салды. Тіпті, кейбір аймақтарда эпидемиологиялық ахуал ушыға түскен.
"Бұл жағдай, әрине, бізді де алаңдатады. Барлығымыз ел ішінде және айналамызда тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, базіргізеаңз, - деп түйіндеді Тоқаев.