Биыл Қазақстанда білім гранттарының саны 5 мыңға артады

0
342

Асхат Аймағамбетов жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін грант саны 50%-ға артатынын атап өтті.


Биыл Қазақстанда білім гранттарының саны 5 мыңға артады

ERNUR.KZ. 2021 жылы білім гранттарының саны 5 мыңға артады, деп жазады ҚазАқпарат.

2021 жылы білім гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Келесі оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша 51 561 грант бөлінді, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы да бар. Сонымен қатар Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде тағы 5000 грант бөлу қарастырылған. Бакалавриат бағдарламасы бойынша гранттың жалпы саны - 56 561. Магистратура бойынша - 13 263, докторантура – 1890. Кадр даярлауға арналған гранттар қажетті бағыттар бойынша бөлінеді», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін грант саны 50%-ға артатынын атап өтті.

Айта кеткен жөн, жыл сайын жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді.

Ал 500 қазақстандық ғалым «Болашақ» бағдарламасы аясында танымал әлемдік ғылыми орталықтарға тағылымдамадан өтуге жіберіледі.