Биыл Жамбыл облысында алты ресейлік тұрғын Қазақстан азаматтығын алған

0
510

2022 жылдың басынан бері облысқа Ресей Федерациясының 1 553 азаматы уақытша келген болса, 2021 жылы олардың саны 1 491 адам болған.


Биыл Жамбыл облысында алты ресейлік тұрғын Қазақстан азаматтығын алған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі өңірге келген Ресей азаматтары туралы ресми деректерді ұсынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Тұрдалиевтің ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың басынан бері облысқа Ресей Федерациясының 1 553 азаматы уақытша келген болса, 2021 жылы олардың саны 1 491 адам болған.

«Биыл облысымызға келген ресейліктердің 71-і жұмысқа келгенін айтса, 2021 жылы осы себеппен 65 адам тіркелді. Жеке шаруаларымен келген ресейлік азамат саны – 1 357 (2021 жылы – 1 295). Ресей Федерациясының 853 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021 жылы - 791), бір адам елден шығарылды, өткен жылы үшеу еді», - деп түсіндірді ол.

Спикердің айтуынша, Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды (2021 жылы – 48), олар 4 қылмыс жасады (2021 жылы – 6). Осы кезеңде Ресей Федерациясынан келген 6 адамға ел азаматтығы берілді (2021 жылы – 12), азаматтығы жоқ 76 адам анықталған (2021 жылы – 71), Ресей Федерациясының 228 азаматы өңірде тұруға ықтияр хат алды (2021 жылы – 234).