Оның көлігі шұңқырға құлап кеткен.
ERNUR.KZ. БҚО-да Тау ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Төрешов жол апатынан қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 23 маусымда сағат 1:50-де Жәнібек-Талов тасжолының 25-шақырымында, Тау ауылының маңында болған.
"Volkswagen Polo жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік шұңқырға құлап кетті. Салонда бір адам болған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деп түсіндірді ведомство өкілі.Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында әйелі мен төрт баласы қалды.
"Ауылдық округтердің ең үздік әкімдерінің бірі болды. Бұл - орны толмас қаза. Ол кеше ғана мемлекеттік қызмет күніне арналған барлық іс-шараға қатысты", - деді Жәнібек аудандық Ішкі саясат бөлімінің қызметкері.
Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.