Олардың денесін күйік шалған.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысынынң Мичурин ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды, деп жазады 24.kz.
Қызыл жалын 120 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен ұлы зардап шекті.
Олардың денесін күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайлары орташа. Ал баспана түгел дерлік жанып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері үйде газ баллоны жарылғанын айтты.