БҚО-да көл бетінен 9 жасар бала мен оның атасы іздестіріліп жатыр

0
484

Үрлемелі матраста отырған жеткіншекті жел жағалаудан алысқа алып кеткен.


БҚО-да көл бетінен 9 жасар бала мен оның атасы іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында көлден 9 жасар бала мен оның атасы іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 22 маусым күн сағат 16.45-те Теректі ауданы Сары өмір ауылы Шалқар көлінде бала жоғалып кеткен.

«Үрлемелі матрасқа ата-анасының қарауынсыз отырған 2013 жылғы баланы жел көл жағалауынан алысқа алып кеткен. Баланы құтқару мақсатында оның атасы, 1957 жылғы азамат артынан көмекке ұмтылады», - делінген хабарламада.

Бірақ екеуі де сол күйі жағалауға оралмаған.

Көл бетінде жоғалып кеткендерді іздеуге ЖҚЖ, «ҚазАвиаСпас» АҚ (ЕС 145 UP-ECO15) тікұшағы шықты.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.