БҚО-да көлде ағып кеткен 8 жасар бала үш күннен кейін табылды

0
632

БҚО-да көлде жоғалып кеткен 8 жасар бала мен оның атасы ұшақпен іздестіріліп жатқан болатын.


БҚО-да көлде ағып кеткен 8 жасар бала үш күннен кейін табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде ағып кеткен 8 жасар бала үш күннен кейін табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 25 маусым күні сағат 15:50-де баланың денесі Теректі ауданы Рыбцех пен Шалқар ауылдарының арасында көл жағалауынан табылған.

«Баланы іздестіру жұмыстарына ТЖД күштерімен қатар, жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Соның қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көлде жоғалып кеткен 8 жасар бала мен оның атасы ұшақпен іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Баланың атасы көп ұзамай аман-есен табылды.