БҚО-да қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы ұсталды

0
1 016

Ол қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.


БҚО-да қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы ұсталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, «ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ басшысын әшкереледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың қорғаныс істері жөніндегі басшысы қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу мен оған қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.