БҚО-да қыз алып қашқан көлік иесі үш жылқыны қағып кетті

0
548

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті.


БҚО-да қыз алып қашқан көлік иесі үш жылқыны қағып кетті

ERNUR.KZ. 30 тамыз түнгі сағат 22:30-да Бөрілі-Ақсай-Жымпиты автожолының 27 шақырымында - Пугачев елді мекенінің маңында жол апаты болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызмеінен хабарланды. 21 жастағы LADA Priora жүргізушісі жол бойындағы үш жылқыны қағып кеткен.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар Орал қаласынан қыз алып қашып, Ақсай қаласына қарай бет алған. Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде, бірі хирургиялық көмек алуда.