БҚО тұрғыны анасын өлтірді деген күдікке ілінді

0
431

Анасы мен ұлы бірге ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.


БҚО тұрғыны анасын өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында анасын өлтірді деген күдікке ілінген тұрғын ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға 9 тамыз сағат 18:30-да Бәйтерек ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Бірге ішімдік ішкен екеудің арасында жанжал басталған. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің генерал-майоры Махсудхан Аблазимов айтты.

«1960 жылы туған азаматтың мүрдесін Т. есімді азамат тауып алып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Полицияның арнайы құрамы осы оқиға бойынша жедел іздестіруге кірісіп, күдіктіні қолға түсірді. Шындықты жасырып, тергеуді басқа жаққа бұрмақ болған оның Е. есімді ұлы анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Мән-жайды анықтау барысында күдікті мен оның анасының арасында жанжал туындағаны, сосын оның кеуде тұсына ауыр жарақат салғаны анықталды. Әйел алған жарақатынан қайтыс болған», - дейді генерал-майор.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.