Ал түлектерге қатысты ешқандай шара қолданылмайды.
ERNUR.KZ. Кортежбен серуен жасаған түлектердің қылығы үшін үш полковник қызметінен кетті, деп хабарлайды ktk.kz.
Алматыдағы республикалық әскери мектеп аумағында кортежбен серуен жасаған түлектердің қылығы үшін үш бірдей подполковник қызметінен кетті. Атап айтқанда, әлеуметтік желіде тарап кеткен кадрлерге қатысты тексеру жүргізген Қорғаныс Министрлігі әскери мектеп директорын қос бірдей орынбасарымен қоса жұмыстан шығарды.
Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп аумағында түсірілген бұл кадрлер әлеуметтік желіде тарап, қызу пікірталас тудырған. Осыны ескерген Қорғаныс министрлігінің басшылығы арнайы бұйрықпен мектеп басшылығын түгел қызметінен босатты. Одан қалды, қымбат көліктерді рұқсатсыз мектеп аумағына кіргізген көлік иелері де жауапкершілікке тартылатын болды. Ал түлектерге қатысты ешқандай шара қолданылмайды деді министрлік өкілдері.
- Бұл болашақ офицерлер және әскери ортада мұндай қылықтарға орын жоқ. Сөзсіз орын алған оқиға мектептегі тәрбие жұмысының нашар ұйымдастырылуы салдарынан болып отыр. Сол үшін бүгін де мектеп бастығы подполковник Жабағин және оның екі орынбасары под полковниктер Яғмуров пен Қамалұлы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Сонымен қатар қымбат автокөлік иелерінің іс әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық сипаттары қарастырылған" - дейді Қорғаныс министрлігі департамент бастығы, Қайрат Көпбаев.