Алматы-Семей бағытындағы ұшаққа артық жолаушы кіріп кеткен

0
693

Тексеріс жасау үшін жолаушылар борттан түгел түсірілген.


Алматы-Семей бағытындағы ұшаққа артық жолаушы кіріп кеткен

ERNUR.KZ. «Алматы-Семей» рейсі артық жолаушыларға байланысты кешікті, - деп жазады Altaynews.

FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Алматыдан Семейге кешігіп шығуға мәжбүр болды, себебі бортта басқа рейстің жолаушысы жүрген.

Куәгерлердің айтуынша, ұшу уақыты сағат 10:55-те болуы керек еді, бірақ жолаушылар алдымен ұшаққа кіргізіліп, кейін қайта шығарылған.

«Артық жолаушы анықталды дейді. Басқа рейстің жолаушысын анықтау үшін отырғаннан кейін қайта шығып, кіруге тура келді», - деді оқиға куәгерлерінің бірі.

Flyarystan баспасөз қызметі бортта шынымен бөтен жолаушы болғанын растады.

«Жолаушы басқа рейстен шығып, бортқа кірген. Мұндай жағдайларда барлық жолаушы түседі. Бөтен біреуге кіруге болмайды. Бұл жағдайда бәрі шығарылады, борт тексеріледі. Бұл стандарт жағдай», - деп түсіндірді авиакомпания өкілдері.

Бұл түсінбеушіліктің не себептен болғаны алда анықталады.

«Тергеу болады. Әуежай қызметкерлері қателікке жол берді ме немесе мұның бәрі қалай болды. Бұл уақытты қажет етеді. Болып тұрады, иә. Бұл адами фактор, тексеру кезінде қате кетті ме, білмеймін. Сирек болса да мұндай жағдай кездеседі», - деп қорытындылады баспасөз қызметі өкілі.

Болған оқиғаға байланысты ұшақ жоспарланған уақыттан 40 минутқа кеш шықты.