ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
ERNUR.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп жазады inform.kz.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 30 сәуір, жексенбіде еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.
Тек Петропавл, Ақтөбе, Астана, түнде Көкшетау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.