"Бұл халықтың талабы": Павлодар әкімі қаланы безендіруге 100 миллион жұмсалатынын айтты

0
559

Павлодарлық шенеуніктер мереке күндері қаланы безендіру үшін арнайы техника алуға 97 миллион теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отырғаны туралы жазған едік.


ERNUR.KZ. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мереке күндері қалаларды безендіруге кемі 100 миллионға жуық қаржы жұмсалатынын айтты. Өңір басшысы жылда бюджеттен осындай сомма бөлінетінін айтты, деп жазады stan.kz.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарлық шенеуніктер мереке күндері қаланы безендіру үшін арнайы техника алуға 97 миллион теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. Облыс әкімі Байханов мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған ақпаратты растады.

“Иә, қаланы жаңа жылға дайындауға жылда осындай қаражат бөлінеді. Бірақ бұл арнайы техникаға емес. Ондай техника жоқ. Мамандандырылған техника тек қана лаборатория және көшені тазалау үшін ғана алынады. Екібастұз Ақсу, жалпы өңірдегі барлық қалаларды безендіруге жылда осындай сомма қарастырылған. Бұл қалыптасқан дәстүр. Қаланы дайындайды”,- деді ол.

Облыс әкімі қаланы безендіру ең алдымен халықтың талабы екенін айтты.

“Өзіміз ойлап тапқан нәрсе емес. Ол халықтың талабы. Әсіресе Павлодар, Екібастұз қаласында кәдімгідей қыста мұздан кішкентай қалашықтарды салынады. Жоқ дегенде халықтың өзі бізден осыны талап етеді”,- деді облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысы бұл жыл бойы өтетін мерекелерде безендіруге кететін ақша екенін айтты.

“Жаңа жыл ғана емес, бұл жылдық. Осы жылы жарияланса ендігі жылдағы мерекелерге жұмсалады. Ол жерде наурыз да бар, мемлекеттік мерекелер де бар. Соларды дайындауға жасалатын шаралар”,- деді облыс әкімі Асайын Байханов.