"Бұл – сұмдық": Солтүстік Қазақстанда жеті үй өртеніп кетті (видео)

0
511

​Ауылда шамамен қырық үй бар, 150-ге жуық адам тұрады. Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады.


ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында дала өртінен шағын ауылдағы жеті үй түгі қалмай өртеніп кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 2 мамырда Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округінің Желяково ауылында болды.




Жергілікті тұрғынның айтуынша, жайылым өртенген, қатты желден өрт өршіп, ауылды шарпыған.

"Үйлер сіріңке сияқты жарты сағат ішінде жанып кетті. Адамдар аман, кейбірі құжаттарын, енді бірі қорадағы малын құтқарып үлгерді. Бірақ, көбінің малы өлді. Кейбірінің байлаудағы иті, енді бірінің бұзаулары өртеніп кетті. Бұл – сұмдық", - деді жергілікті тұрғын.

Елді мекенде жеті үй өртенген. Ауылда шамамен 40 үй бар, 150-ге жуық адам тұрады. Баспанасыз қалған тұрғындар көршілері мен туыстарын паналады.

Қазір зардап шеккендерге көмек жиналып жатыр. Жергілікті тұрғындар ақша қажет емес екенін айтты.


"Өлшемі 46-дан басталатын әйелдер мен ерлер киімі және ең қажетті заттар керек. Көрпе, жастық және тағы басқа", - деп өтінді олар.