Жоғалып кеткендердің бірі - Асыл Баянбаяв, 2022 жылдың 5 қазанында із-түзсіз кеткен.
ERNUR.KZ. Былтыр күзде Алматы мен Оралда жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы Instagram-парақшасында айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Жоғалып кеткендердің бірі - Асыл Баянбаяв, 2022 жылдың 5 қазанында із-түзсіз кеткен. Ол үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Марқұмның денесі 14 қаңтарда табылған.
Екінші адам Альберт Газимов, 1992 жылы туған, Орал қаласында тұрған. Былтыр 28 қарашада үйінен шығып, оралмаған.