COVID-19: 21 мамырдан бастап қандай шектеу енгізіледі

0
538

​21 мамырдан бастап Алматы әуежайына жолаушыларды Ashyq қосымшасы арқылы кіргізеді.


COVID-19: 21 мамырдан бастап қандай шектеу енгізіледі

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайына енді тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 6 мамырдан бастап күшіне енген қаулысына сәйкес, жолаушылар әуежайға келгенше Ashyq мобильді қосымшасын жүктеп, өз статусын тексеруі қажет, деп жазады sputnik.kz.

Алматы әуежайына Ashyq қосымшасы арқылы кіру 2021 жылдың 21 мамырынан бастап енгізіледі.

Бұған дейін мұндай шара Қазақстан елордасындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында енгізілгені хабарланды. Соған байланысты 12 мамырдан бастап "сары" және "қызыл" статустағы жолаушылар әуежайға жіберілмейді. Егер ұшуға рұқсат берілмеген жағдайда билет бағасын қайтару мәселесін жолаушы әуе компаниясымен келісіп шешеді.

Ashyq қосымшасына ақпарат Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің базасы арқылы келеді. Ол азамат инфекция тасымалдаушы ма, жоқ па, соны айқындайды.

Ashyq қосымшасы деген не

Биылғы жылдың 17 қаңтарынан бастап белгілі бір шағын және орта бизнес нысандарына Ashyq мобильді қосымшасы арқылы кіру талабы енгізілді. Тапсырыс беруші – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау министрліктері.

Қосымшада QR-кодты сканерлеу арқылы келушінің статусын анықтайды:

  • Егер адам коронавирустың ПТР сынағынан өтіп, оң нәтиже алса, "қызыл" статус беріледі. Мұндай статус иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау қажет.
  • "Сары" белгі инфекция жұқтырған адамдармен байланысқа түскен адамдарға тағайындалады. Оларға азық-түлік алуға немесе үй жанындағы дәріханаға шығуға рұқсат бар. Бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.
  • "Көк" түс – ПТР тест талап етілмейтін жерлерде еркін жүреді.
  • "Жасыл" түс – еркін жүре алатын адам.

Сондай-ақ 1 шілдеден бастап қосымша арқылы адамның вакцина қабылдаған-қабылдамағаны да көрінеді.