Бұл препарат 2014 жылы тұмауды емдеу үшін Жапонияда жасалған.
ERNUR.KZ. Коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын «Фавипиравир» препаратын сатып алу тоқтатылады. Мұндай шешімді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz.
Оған қолданыстағы КОВИД-ке қарсы клиникалық зерттеулер заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігі түрткі болыпты. Осыған байланысты дәрі-дәрмек жеткізуші бірыңғай дистрибьютер аталған препаратты сатып алуды тоқтатты.
Яғни, клиникалық зерттеулер аяқталмайынша «Фавипиравир» ем-дом кезінде қолданылмайды. Бұл препарат 2014 жылы тұмауды емдеу үшін Жапонияда жасалған.