Жарақат алған 46 жастағы қызметкер ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Павлодарда дәнекерлеуші 6 метр биіктен құлап кетті, деп жазады aikyn.kz.
Бұл туралы Павлодар облысының Полиция департаменті хабарлады.
Жарақат алған 46 жастағы ЖШС қызметкері ауруханаға жеткізілді.
«7 желтоқсан күні сағат 11:45-те 46 жастағы дәнекерлеуші абайсызда 6 метр биіктен құлап кетті. Ол Павлодарда биік ғимаратта жұмыс істеп жатқан. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Полиция департаменті.